Қытай-Сингапур мультимодальды көлік жобасының Чунцин-Орталық Азия, Чунцин-Оңтүстік-Шығыс Азия халықаралық пойыздары қос бағытта жөнелтуді жүзеге асырады (4)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 желтоқсан
Қытай-Сингапур мультимодальды көлік жобасының Чунцин-Орталық Азия, Чунцин-Оңтүстік-Шығыс Азия халықаралық пойыздары қос бағытта жөнелтуді жүзеге асырады
Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 15 желтоқсанда химиялық өнімдер, мотоциклдің қосалқы бөлшектері және басқа да тауарлар тиелген Қытай-Сингапур мультимодальды көлігі демонстрациялық жобасының Чунцин-Оңтүстік-Шығыс Азия пойызы Чунцин Юйцзуй станциясынан Гуансидың Цинчжоу порты арқылы теміржол-теңіз тасымалымен Сингапурға бағыт алды. Сонымен қатар, басқа жолда Қытай-Сингапур мультимодальды көлігі демонстрациялық жобасы Чунцин-Орталық Азия халықаралық пойызы бір уақытта KD автомобиль бөлшектері тиеліп, халықаралық теміржол интермодальдық көлігімен Алашанькоу арқылы Қазақстанға жіберілді.

Іске қосылған екі бағыт Қытай-Еуропа пойыздары мен жаңа құрлық-теңіз арнасын органикалық түрде байланыстырады. Бұл Қытай мен Сингапур бірлесіп салған «Бір белдеу, бір жолдың» жарқын тәжірибесі. Аталмыш жоба трансшекаралық және аймақтық ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін бере отырып, Батыс Қытай мен АСЕАН-ды, тіпті Еуразияны байланыстыратын сауда дәлізін салуға көмектеседі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото