- Барлық ақпарат
Қытайдың теңіздегі жел энергетикасы саласындағы жағалаудан ең алыс жобасы электр желісіне толық қосылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 желтоқсан
17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 15 желтоқсанда Қытайдың теңіздегі жел энергетикасы бойынша жағалаудан ең алыс жобасы - үш шатқалдағы Цзянсу Дафэн 800 мВт жобасы электр желісіне толығымен қосылды. Жоба Янчэн қаласының Дафэн аумағынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 85,5 шақырым жердегі теңіз аймағында орналасқан, бұл Қытайдағы теңіз жел энергетикасы саласындағы жаңа серпіліс саналады.
Жобаның болжамды жылдық электр қуатын өндіруі 2,8 миллиард киловатт-сағаттан асады, бұл 1,4 миллион түтіннің отбасылық электр энергиясын тұтынуын қанағаттандыра алады, яғни 860 000 тонна стандартты көмірді үнемдеуге және көмірқышқыл газының шығарындыларын 2,37 миллион тоннаға азайтуға тең. Янцзы өзені аймағын маңызды таза энергиямен қамтамасыз ете алады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




