- Барлық ақпарат
Қазақстанның алғашқы 11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 желтоқсан

Қазақстанда алғашқы 11 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3 пайызға артып, 18,5 трлн теңгені құрады деп жазылған ҚазАқпарат мәліметінде.
«Экономика тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Биылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6,4 пайызды құрады. Нақты сектордағы өсім 8,3 пайыз болды және қызмет көрсету өндірісінің 5,3 пайызға өсуінен жоғары болып қалыптасты. Негізгі драйверлер – көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі. Сауда - 8,8, ауыл шаруашылығы - 6,1, өңдеу өнеркәсібі -5,9 пайызға өсті»-, дейді ҚР Премьер-министрдің орынбасары, экономика министрі Серік Жұманғарин.
Фото:ҚазАқпарат
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



