- Барлық ақпарат
CGN Fujian Ningde атом электр станциясының №6 блок құрылысы ресми түрде басталды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 желтоқсан

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 желтоқсан күні CGN Fujian Ningde атом электр станциясындағы №6 блоктың ядролық аралына арналған алғашқы бетон құю жұмыстары аяқталды, бұл блоктың негізгі құрылысы ресми түрде басталғанын білдіреді. Фуцзянь өлкесінің Фудин қаласы Тайлаошань қалашығында орналасқан Ningde атом электр станциясы жобасы екі кезеңге бөліп, жүзеге асырылатын алты 1000 мегаватт атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Бұл - Фуцзянь өлкесіндегі құрылысы басталып, өндіріске берілген алғашқы атом электр станциясы. Екінші кезеңдегі №5 және №6 блоктар 2023 жылдың 31 шілдесінде ұлттық мақұлдауды алып, екеуіне де Қытайдың дербес әзірлеген үшінші буындағы «Хуалон-1» ядролық энергетика технологиясы пайдаланылады.


(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



