- Барлық ақпарат
Қазақстада биыл әуе көлігімен 26,6 млн жолаушы тасымалданған

ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың он айында Қазақстанның азаматтық авиация саласы тұрақты өсім көрсетіп, жолаушылар тасымалы, халықаралық бағыттар мен қауіпсіздік стандарттары бойынша айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.
ҚР Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, есептік кезеңде әуе көлігімен 26,6 млн жолаушы тасымалданған. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға көп. Оның ішінде Қазақстандық әуе компаниялары 13,1 млн жолаушыға қызмет көрсеткен.
Қазақстанда әуежайларда өңделген жүк көлемі 140 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіштің 23,8 мың тоннасы Қазақстандық әуе компанияларының үлесіне тиесілі.
Қазақстанның ел ішіндегі әуе қатынасы 60 бағытты қамтып, аптасына 821 рейс орындалған. Ал халықаралық маршруттық желі 30 елді қамтитын 131 бағытқа дейін кеңейіп, аптасына 616 рейс жүзеге асырылған.
Фото:ҚазАқпарат
people.cn © People's Daily Online



