Қытай тілі деңгейін анықтайтын HSK3.0 емтиханы шықты және әлемдік тестілеу басталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 желтоқсан

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Білім министрлігінің Қытай-Шет тілдері алмасу және ынтымақтастық орталығының хабарлауынша, қытай тілі деңгейін анықтайтын HSK3.0 емтиханы 2026 жылғы 31 қаңтарда әлемнің кейбір сынақ орталықтарында басталады. Бұл сынақ Азия, Еуропа, Америка, Африка және Тынық мұхиты аймақтарын қамтиды. Тіркелу арнасы жақында ашылады, қатысушылар «Қытай тілін тестілеу» қызметінің сайты - www.chinesetest.cn» арқылы онлайн тіркеле алады.

Бұл сынақ қағаз жүзіндегі және компьютерлік желі арқылы екі нұсқада өткізіледі, нақты тест форматы тіркелген сынақ орталығына байланысты болады.

Тіркелу уақыты:

Қағаз жүзіндегі тесті 2025 жылғы 19 желтоқсан 9:00 – 2026 жылғы 7 қаңтар 24:00 (Бейжің уақыты).

Компьютерлік тесті 2025 жылғы 19 желтоқсан 9:00 – 2026 жылғы 15 қаңтар 24:00 (Бейжің уақыты).

Қазіргі таңда әлемде қытай тілін үйренушілер мен қолданушылар саны 200 миллионнан асты, Қытай тілі 86 елде ұлттық білім беру жүйесіне енгізілген. Қытай тілі деңгейін анықтайтын HSK емтиханы – әлемдік қытай тілін үйренушілер үшін стандартталған тілдік емтихан.

HSK3.0 нұсқасы биылғы қарашада жарияланды. Онда қытай тілін деңгейлеу жүйесін бұрынғы 6 деңгейден 9 деңгейге көтерді.

HSK3.0 – қытай тілін үйренушілер үшін тілдік деңгейді растайтын құжат, сондай-ақ шетел азаматтарының Қытайға келіп оқу, жұмысқа орналасу, шетелдегі қытай компанияларында, трансұлттық компанияларда қатысты қызметкерлік тәжірибеден өту, қызметке орналасу үшін қажетті қытай тілінің деңгейін растайды. HSK төртінші деңгей – Қытайда оқуға келушілер үшін қажетті ең негізгі тілдік талап.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото