- Барлық ақпарат
Ганьсу Увэй кокстерін тиеген пойызы Қазақстанға бет алды

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 желтоқсан күні Ганьсу (Увэй) халықаралық құрлық портының арнайы теміржол желісінен 31 вагон жоғары сапалы кокс тиеген пойыз Қазақстанның Алтынкөл қаласына бағыт алды.

Мәлімдемеге сәйкес, бұл кокс тиелген пойыз тасымалы Увэй салықтан босатылған логистика орталығы мен «Бір белдеу, бір жол» елдерінде салынған салықтан босатылған шетел қоймаларына сүйеніп, тауарлардың ел-іші сыртындағы салықтан босатылған аймақтар арасында тікелей айналымын қалыптастырады. Сол арқылы экспорттық тауарларды шетелдегі салықтан босатылған қоймаларда сақтап, төлем алынғаннан кейін кедендік рәсімдерді жасап, жеткізіп беру жүйесін жүзеге асырады. Бұл кәсіпорындардың капитал шығынын азайтумен қатар, экспорттық кәсіпорындардың негізгі мүдделерін қорғайды.

Кедендік рәсімдер мен логистика тізбегін оңтайландыру арқылы шекарааралық сауда тиімділігін арттыруға және шығындарды жеңілдетуге мүмкіндік берді. Қорапты вагондар режимін қолдану тауарларды тасымалдау барысында тұрақтылықты қамтамасыз етіп, шығындар мен ластануды азайтумен қатар, ірі көлемдегі тауарларды шекарааралық тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандырып, осылайша Увэй кокс экспортының логистика жүйесін одан әрі жетілдірді.
Фото:Benliu news
people.cn © People's Daily Online



