Қытайдың теңіздегі ең ірі мұнай кен орнының жылдық өндірісі 40 миллион тоннадан асты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 желтоқсан

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің CNOOC-ден алған ақпаратына сәйкес, Қытайдағы ең ірі теңіз-мұнай кен орны - Бохай мұнай кен орны 2025 жылы 40 миллион тоннадан астам мұнай мен газ өндірген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Бохай мұнай кен орнында 60-тан астам мұнай-газ кен және 200-ден астам өндіріс орындары бар. Олардың жиынтық өндірісі 600 миллион тоннадан астам шикі мұнайды құрайды.

«14-інші Бесжылдықта» (2021-2025 жылдар аралығы) Қытайда мұнай мен табиғи газды өндіру тұрақты түрде өсіп, теңіздегі шикі мұнай өсудің маңызды полюсіне айналды. Сөйтіп, бес жыл қатарынан елдегі жаңадан өндірілген мұнайдың 60% - дан астамын құрады. Олардың ішінде Бохай мұнай кен орнының соңғы бес жылдағы мұнай-газ өндірудің орташа жылдық өсімі 5% - ға жетті. Ал шикі мұнайдың өсуі елдегі жалпы өсімнің 40% - ға жуығын құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото