Қытайлық ұялы телефон экран қорғағыштарын өндіруші компания жыл сайын әлемнің 72 еліне өнімнің 600 миллион данасын сатады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 желтоқсан

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Хунань өлкесінде орналасқан Mingyihu Group жыл сайын 600 миллионнан астам ұялы телефонның экран қорғағыштарын шығарады. Компания өз өнімдерін әлемнің 72 елі мен аймағына сатады. Бұл әлемдік нарық үлесінің шамамен 30%-ын құрайды.

«Осы жылдың бірінші жартысында Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азияның бес елінен келген тұтынушылар 20 миллион экран қорғағышқа тапсырыс берді. Біз қазірдің өзінде 12 миллионнан астамын жеткіздік. Ал қалған бірнеше миллионы жөнелтілгелі жатыр», - деді компанияның негізін қалаушы Ли Хунмэй.

Ли Хунмэй мен жұбайының кәсіпкерлік сапары көшедегі дүңгіршектен басталды. Олардың кәсіп жолына баруына 2005 жылы күйеуінің жұбайына сыйға тартқан телефоны себеп болған. Сол телефон экранын қорғау үшін күйеуі пластик қалдықтарын пайдаланып, алғашқы экран қорғағышын қолдан жасап береді. Олар осыдан нарықтың әлеуетін байқап, жинап-тергендерімен қажетті материал сатып алып, жалға алған бөлмеде қорғағышты өндіре бастайды.

2008 жылы халықаралық қаржы дағдарысына байланысты шетелдік нарыққа сұраныс азайған кезде, Ли Хунмэй бизнесін кеңейту үшін шетелге жиі сапарлайтын болады.

Ли Хунмэй сонымен қатар Қытай импорт және экспорт жәрмеңкесі сияқты ішкі сауда платформаларын белсенді пайдаланады. Биылғы көктемде өткен Қытай импорт және экспорт жәрмеңкесінде Орталық Азияның бес елінен жаңа тұтынушыларды қоса алғанда, 12 миллион юаньнан астам тапсырыс алды.

Қазіргі уақытта компанияның бизнесі 103 ел мен аймаққа кеңейіп, Африкада шетелдік қоймалар мен жергілікті зауыттар ашты. Компания ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға баса назар аударып, 50-ден астам патентке ие болды. Ал бүктелетін телефондарға арналған ең соңғы ультра жұқа шыны экран қорғағышы Жапония мен Корея республикасы нарықтарына сәтті кірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото