- Барлық ақпарат
Хайнань Еркін Сауда Портында алғаш рет жетінші әуе құқығы бағыты ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 желтоқсан

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 желтоқсанда сағат 8:05—те Хайкоу кеденіне тиесілі Санья әуежайы кеденінің бақылауымен Саньядан Прагаға ұшатын DV481 рейсі Санья Феникс халықаралық әуежайынан әуеге көтерілді. Бұл «Санья-Прага» бағытының сәтті ашылғанын көрсетеді. Аталмыш бағыт Хайнань Еркін Сауда Портында алғаш пайдалануға берілген жетінші әуе құқығы бағыты болып табылады.
Жетінші әуе құқығы - үшінші елдегі толық тасымалдау құқығы деп те аталады. Бұл белгілі бір ел немесе аймақ авиакомпаниясының сол елдің немесе аймақтың аумағынан тыс жерде тәуелсіз бағытты толығымен жүзеге асыратынын білдіреді. Бағыт өзге екі ел немесе шетелдегі аймақтар арасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға құқылы.


(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



