«Орындықсыз» жоғары жылдамдықты арнайы пойыз Қытайдың оңтүстік-батысындағы логистиканы дамытты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 желтоқсан

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Чэнду мен Куньмин арасында күн сайын орындықтары жоқ жоғары жылдамдықты пойыз қатынайды. Сегіз вагонына толықтай жүк тиелген пойыз сағатына 250 шақырымға дейін жол басады. Бұл - Чэнду мен Куньмин арасында арнайы тауарларды тасымалдау үшін жоғары жылдамдықты теміржол экспрессінен өзгертіліп жасалған жоғары жылдамдықты тіке пойызы.

Осы маршрут бойынша 2023 жылдың 12 шілдесінен бастап күніне екі пойыз қатынайды. Чэндуден Куньминге тасымалданатын тауарлар негізінен электроника, азық-түлік және киім-кешектен тұрады, ал кері қайтатын пойызға Куньминнің гүлдері мен жемістері сияқты арнайы өнімдері тиеледі.

Жергілікті теміржол ақылды тасымалдау жабдықтарын қосқаннан кейін, платформада тиеу-түсіру уақыты шамамен 20 минутқа қысқарды.

Бұл бағыт сонымен қатар «жоғары жылдамдықты пойызбен тез жеткізу» сияқты әртүрлі қызметтерді ұсынады, сол күні жеткізу 4 сағат ішінде жүзеге асырылады.

Фото:CCTV

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото