- Барлық ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп телефонда сөйлесті, екі ел басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды.
Қазақстан барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын.
ҚР Мемлекет басшысы Америка президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
people.cn © People's Daily Online



