- Барлық ақпарат
Қазақстанда 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 желтоқсан

Фото: BAQ.KZ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте 2026 жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«2025 жылы әлеуметтік бюджет көлемі шамамен 6 трлн теңге болды. Ал келесі жылға біз 6,8 трлн теңге көлемінде әлеуметтік бюджет қарастырып отырмыз. Бұл – биылғы жылмен салыстырғанда 887 млрд теңгеге артық. Бұл қандай қаражат? Зейнетақылар мен жәрдемақылар 10 пайызға ұлғаяды (салыстыру үшін: 2025 жылы өсім 8,5 пайыз болған). 2026 жылғы бюджетте тек зейнетақы мен жәрдемақыны арттырудың өзіне 636 млрд теңге қарастырылған», – деді Серік Жұманғарин.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



