- Барлық ақпарат
Биыл Жеменей портында камчатка шаяндарының импорттық құны алғаш рет 100 миллион юаньнан асты

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Жеменей портының статистикасына сәйкес, 2025 жылдың басынан 22 желтоқсанға дейін Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы құны 100 миллион юаньнан (шамамен 14,23 миллион АҚШ доллары) асатын тірі камчатка шаянын импорттаған.
Жеменей порты Шыңжаңның Алтай аймағы Жеменей ауданында, Қытай, Қазақстан, Ресей және Моңғолияның түйіскен жерінде орналасқан. Бұл Шыңжаңдағы тірі камчатка шаянын импорттайтын жалғыз арна.
Кедендік рәсімдеу процедуралары аяқталғаннан кейін кейбір импортталған камчатка шаяндары дереу нарыққа шығарылады. Ал қалған бөлігі порттағы уақытша бассейнге ауыстырылады. Уақытша бассейн Солтүстік мұзды мұхиттың табиғи су ортасына ұқсас жасалған. Судың температурасы 0-1°C аралығында тұрақты сақталады. Осылайша камчатка шаяндары ең оңтайлы жағдайда күтімделіп, кез келген уақытта ішкі нарыққа жіберуге дайын тұрады.
Қазіргі уақытта Жеменей порты арқылы әкелінген камчатка шаяндарын Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу сияқты ірі тұтыну нарықтарына тиімді тоңазытқыш тізбегінің логистикалық жүйесі арқылы тез таратуға болады.
people.cn © People's Daily Online



