2026 жылғы Көктем мерекесі кезінде қытайлық туристер үшін Қазақстан тиімді бағадағы бағыттар қатарына енді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 желтоқсан

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы көктем фестивалінде 9 күндік ұзақ демалыс болады. Бұл шетелге саяхат нарығын жандандырды.

Толық емес нарықтық статистикаға сәйкес, Таиланд, Корея Республикасы және Малайзия көктем мерекесі кезіндегі бағасы лайықты шетелдік демалыс орындарына айналды. 9 күндік демалыс ұзақ сапарларға деген сұранысты да арттырды, адамдар солтүстікке қарай - Норвегияға, ал оңтүстікке қарай қысқа уақыт болса да, жазды өткізіп қайту үшін Жаңа Зеландияға баруды жоспарлауда, осы екі бағыттағы қонақ үйлерге тапсырыс беру сәйкесінше 1,5 және 2 есеге артты.

2026 жылғы көктем мерекесіне арналған қолжетімді және адамы аз демалыс орындарынан қай елдер бар? Qunar.com сайтының деректері Вьетнам, Корея Республикасы, Индонезия, Таиланд және Малайзияның бір бағыттағы әуе билеттері 1500 юаньнан төмен болатын ең танымал арзан бағыттар қатарына кіреді.

Лаос, Непал, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан бағасы тиімді демалыс орындары қатарына жатады.

Аустралия, Жаңа Зеландия, Америка Құрама Штаттары, Египет және Біріккен Араб Әмірліктері туристер саны аз, бірақ бағасы жоғары бағыттар санатына жатады.

Соңғы уақытта Жапонияға турлар азайғандықтан, Ірі круиздік компаниялар өз бағыттарын өзгертіп жатыр. Бұрынғы Жапонияға бағыт, қазір Корея Республикасына қарай бұрылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото