Бейжің мен Чунцин қаласында L3 деңгейлі жоғары жылдамдықты тасжолдардағы автоматты жүретін көліктердің арнаулы куәлік нөмерлерінің алғашқы партиясы таратылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 желтоқсан

24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 желтоқсанда Бейжің қалалық қоғамдық қауіпсіздік бюросының жол қозғалысын басқару бюросы үш BAIC Jihu L3 деңгейлі автоматты жүретін көліктерге арнайы куәлік нөмерлерін берді.

Мәліметтерге сәйкес, бұл L3 деңгейлі автоматты жүретін көліктер жүйесі шектеулі жағдайларда динамикалық жүргізу міндеттерін орындай алады. Ол белгіленген жоғары жылдамдықты тасжолдың жалғыз жолағында сағатына 80 км жылдамдықпен автоматты жүре алады. Дегенмен, жүргізуші орнында отырып, кез келген уақытта басқаруды қабылдауға дайын отырады. Қазіргі уақытта бұл қызмет тек Бейжіңдегі жолдардың белгілі бір бөліктерінде ғана қолданылады. Басқа жолдармен жүру жүйе арқылы мәжбүрлі түрде тежеледі.

Жақында Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі L3 деңгейлі шартты автоматты жүретін көліктер үшін бекітілген үлгілердің алғашқы партиясын жариялады. 20 желтоқсанда Чунцин Қытайдағы алғашқы ресми L3 деңгейлі автоматты жүретін көліктің куәлік нөмерін шығарды.

BAIC зерттеу институты L3 деңгейлі көліктерінің жаппай өндірісі мен жеткізілуі зауытта дайын күйде екенін және 2026 жылдың бірінші тоқсанында Бейжіңдегі Дасин әуежайының жоғары жылдамдықты тасжолында жолаушылар тасымалдайтын пилоттық операцияларды жүргізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Қытайдағы «Автокөліктерді жүргізуді автоматтандырудың жіктемесіне» сәйкес, автоматтандыру деңгейі L0-ден L5-ке дейінгі алты деңгейге бөлінеді, ал L3 шартты автоматтандырылған жүргізу деңгейі болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото