Қазақстан ЖИ-ді енгізуге дайындық бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 желтоқсан

Oxford Insights халықаралық талдау орталығы жариялаған Government AI Readiness Index 2025 рейтингінде Қазақстан әлемнің 195 мемлекеті арасында 60-орынға ие болып, бір жыл ішінде бірден 16 позицияға жоғарылады.

2024 жылғы рейтингте Қазақстан 76-орында тұрған деп жазды ҚазАқпарат.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, өңірлік бөліністе Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жасанды интеллектіні енгізу және басқару деңгейі бойынша көш бастап, «аймақтағы ең дамыған цифрлық мемлекеттердің бірі» мәртебесін растады.

Government AI Readiness Index үкіметтердің жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда, экономикада және қоғамдық процестерде тиімді қолдану қабілетін, сондай-ақ ЖИ-дің қауіпсіз, жауапты және орнықты дамуына жағдай жасау деңгейін бағалайды.

Oxford Insights есебінде Қазақстанның саяси әлеуеті мен басқарушылық дайындығы да ерекше атап өтілген. Стратегиялық құжаттардың болуы, нормативтік-құқықтық базаның қалыптасуы және жасанды интеллект тақырыбына институционалдық деңгейде тұрақты назар аударылуы Қазақстанға бұл салада ұзақ мерзімді әрі жүйелі мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

Фото:ҚазАқпарат

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото