Қазақстан астығының экспорты рекордтық деңгейге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 желтоқсан

Қазақстан астығы әлемнің 45 еліне экспортқа шығарылады. Бұл туралы жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты деп жазды ҚазАқпарат.

«2025 жылғы 11 айдың қорытындысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6,1 пайызға өсіп, 9,2 трлн теңгені құрады»,- деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, 2024 жылдың рекордық өнімі астық пен ұн экспортына әсер етті.

«2024-2025 маркетинг жылының қорытындысында Қазақстан рекордтық 13,4 млн тонна астық, ал жемдік ұнды қоса алғанда 15 млн тоннадан астам өнім экспортқа шығарды. Қалғаны Қазақстандағы мал азығына, қайта өңдеу мен тұқымға пайдаланылды. Жаңа өнімнен бүгінде 3,9 млн тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға көп. Экспорттық әлеует 13 млн тоннаға жетеді, ал экспорт географиясы әлемнің 45 елін қамтиды»,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Фото:ҚазАқпарат

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото