Қытай тағамдарының иісі Қазақстан елордасында аңқыды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 желтоқсан

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 24 желтоқсан күні Қазақстан елордасы Астана қаласында қытай тағамдарын насихаттау шарасы өтті. Бірнеше азық-түлік дүңгіршектері ашылып, Бейжің үйрегі, кеспе және қарма сияқты қытай тағамдарынан жергілікті тұрғындар дәм татты.

Сол күні әсіресе, кеспе дүңгіршектері көпшіліктің назарын аударды. Қамырлар созылып, пісіп, қазаннан сүзіп алынып, әртүрлі дәмді тұздықтар қосылғаннан кейін келушілердің алдына қойылып жатты. Жиналғандардың бірі Қытайда жеген тағамдарын сағынып жүргенін айтса, енді бірі қытай тағамдарының түрі мол, қуырмаштарды дайындау әдістерінің ерекше екенін, Қазақстанның дәстүрлі тағамдарына ұқсамайтынын жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото