- Барлық ақпарат
Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз келісім Қытай мен Орталық Азияда шекарааралық өз көлігімен жүретін туризмді дамытты

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз келісім 2023 жылдың қараша айында күшіне енгеннен бері кедендік рәсімдеу барған сайын ыңғайлы бола бастады. Ал шекарааралық өз көліктерімен жүретін туризм жаңа үрдіске айналды.
2023 жылы Қытай мен Қазақстаннан шамамен 445 000 адам Қазақстандағы Нұрлы жол кеденінен өткен. Ал 2024 жылы кеденнен өткендердің саны шамамен 837 000-ға дейін өсті. Тек осы жылдың алғашқы сегіз айында кеден бекеті арқылы Қазақстанға шамамен 344 000 қытай азаматы кірген. Олардың 10%-ға жуығы өз көліктерімен жолға шыққандар.

Өз көлігімен сапарлаған Чжао Синьфэн ішінде тамақ істеп, демалуға ыңғайлы көлікпен жүру жергілікті табиғат пен әдет-ғұрыпты жақыннан көріп, тамашалауға мүмкіндік беретінін айтты. Жолаушы Орталық Азияны осылай аралағаннан кейін, Жібек жолы бойындағы басқа елдерге де баруды жоспарлап отыр.
Қазақстан Ұлттық туристік компаниясының халықаралық маркетинг жөніндегі директоры Айнұр Жұматаева компания 2024 жылы Қытайда 37 жарнамалық іс-шара өткізіп, әлеуметтік желілерде Қазақстанға саяхаттауды белсенді түрде насихаттағандарын айтты.

Деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстанға 655 000 Қытай азаматы барған. Олардың ішінде 174 000 жолаушы туристік мақсатта Қазақстанда 24 сағаттан астам уақыт болған. Бұл 2023 жылғы 103 000-нан айтарлықтай жоғары.
Фото:Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



