- Барлық ақпарат
Қытай аса өткізгіш электрлі магниттік левитация саласында сағатына 700 шақырым жылдамдықпен әлемдік рекорд орнатты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 желтоқсан

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ұлттық қорғаныс технологиялары университетінің магниттік левитация тобы маглев сынағы кезінде салмағы тоннаға жуық сынақ көліктің жылдамдығын екі секундта сағатына 700 км-ға дейін сәтті түрде жеткізді. Бұл сынақ жылдамдығы ұқсас платформалардағы әлемдік рекордты жаңартып, әлемдегі ең жылдам аса өткізгіш маглев сынақ жылдамдығына айналды.
Бұл жетістік Қытайдың аса жоғары жылдамдықты маглев саласындағы халықаралық көшбасшылар қатарына енгенін, Қытайдың болашақтағы вакуумдық арна магниттік левитация тасымалдауды дамыту үшін жаңа мүмкіндік ұсынғанын, сондай-ақ аэроғарыштық үдеткіш ұшырулар мен сынақ эксперименттері үшін жаңа әдістер мен құралдарды ұсынғанын білдіреді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



