«Шетелдік инвестицияларды ынталандыратын салалар каталогының» жаңа нұсқасы жарық көрді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 желтоқсан

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Ұлттық Даму және реформа комитеті мен Сауда министрлігі «Шетелдік инвестицияларды ынталандыратын салалар каталогының (2025 жылғы басылым)» жаңа нұсқасын шығарды.

2022 жылғы нұсқамен салыстырғанда, бұл жолғы басылымда 205 тармақ жаңадан қосылып, 303 тармаққа өзгерістер енген. Жаңа нұсқаның мақсаты шетелдік инвестицияларды озық өндіріске, заманауи қызметтерге, жоғары технологияларға, энергияны үнемдеуге және қоршаған ортаны қорғауға ынталандырып, Қытайдың орталық және батыс аймақтарына, солтүстік-шығысқа және Хайнань өлкесіне бағыттауға арналған.

Басты өзгерістер мыналар:

Озық өндіріске шетелдік инвестицияларды жұмылдыру. «Каталогта» соңғы өнімдерге, компоненттерге және шикізатқа қатысты тармақтардың қосылуы немесе кеңейтілуі өнеркәсіптік және жеткізу тізбегінің даму деңгейін жақсартады.

Заманауи қызметтерге шетелдік инвестицияларды бағыттау. Сонымен қатар «Каталогта» бизнес қызметтеріне, техникалық қызметтерге, ғылыми зерттеулерге және қызметті тұтынуға қатысты тармақтар қосылды немесе кеңейтілді. Бұл толықтыру қызмет көрсету саласының жоғары сапалы дамуына ықпал етеді.

Жаңа құжат 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото