- Барлық ақпарат
Қытайдың магнитті пойызы сынақ кезінде 800 км/сағ жылдамдықпен жаңа рекорд орнатты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 желтоқсан

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Хубэй өлкесіндегі Шығыс көлінің жоғары жылдамдықты теміржол зертханасы жақында өзінің сынақ жолында 1,1 тонналық пойыз моделін небәрі 5,3 секундта 800 км/сағ жылдамдыққа жеткізгенін жариялады.
Сынақ ұзындығы 1000 метрлік жолда жүргізілген. Пойыз шамамен 600 метрде ең жоғары жылдамдығына жетіп, кейін біртіндеп баяулап, мәре сызығына қарай жылжып, бүкіл сапарды 8 секундта аяқтаған.

Зертхана бұл жетістікке «тұрақты магнитті электрлік левитациялық бағыттау + электромагниттік қозғаушы күш» жүйесінің арқасында қол жеткізілгенін, жоғары жылдамдықты аэродинамикалық тұрақтылық сияқты қиындықтарды сәтті жеңіп шыққанын мәлімдеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



