- Барлық ақпарат
Қытайда салынып жатқан теңіз деңгейінен ең биік гиперболалық арка бөгеті электр станциясының қондырғылары электр энергиясын өндіре бастады

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 желтоқсан күні теңіз деңгейінен ең биік жерде орналасқан гиперболалық арка бөгеті су электр станциясы - Ебатань су электр станциясындағы алғашқы генераторлық құрылғылар жұмыс істей бастады.
Электр станциясы Сычуань өлкесі Байюй ауданы мен Сицзан автономиялық регионындағы Гунцзюе ауданы шекарасындағы Цзиньша өзенінің негізгі арнасында орналасқан. Оның жалпы орнатылған қуаты 2,24 миллион киловатт, ал бөгеттің биіктігі 217 метр. Станцияның биік таулы, суық аймақта орналасуы құрылыс жұмыстарында өте күрделі қиындықтар туғызды.
Қазір №4 және №3 генераторлық құрылғылар жұмысын бастады. Жоба толық іске қосылғаннан кейін, ол жылына орта есеппен 10,2 миллиард киловатт-сағаттан астам электр энергиясын өндіреді, бұл шамамен жылына 3,1 миллион тонна стандартты көмірді үнемдеуге және жылына көмірқышқыл газы шығарындыларын 8,3 миллион тоннадан астамға азайтуға мүмкіндік береді. Өндірілген таза энергия Орталық Қытайға жеткізіледі.
people.cn © People's Daily Online



