- Барлық ақпарат
Жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі саласының көлемі биыл 11 айда 1 триллион юаньнан асты

30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 желтоқсан күні өткен Ұлттық индустрия және ақпараттық технологиялар жұмысы жөніндегі жиналысының мәліметтері бойынша, еліміздің өнеркәсіптік технологиялық инновациялары 2025 жылы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі саласының көлемі 1 триллион юаньнан (шамамен 142 миллиард АҚШ доллары) асты.
Жиналыста ҚХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің 2026 жылға арналған негізгі міндеттеріне жаңадан пайда болып жатқан және болашақ салаларды дамыту, ЖИ зерттеулері мен қолданылуын қолдау кіретіні атап өтілді. Күш-жігер интегралдық схемалар, жаңа дисплейлер, жаңа материалдар, коммерциялық аэроғарыш, төмен биіктіктегі экономика және биоөндіріс сияқты негізгі жаңадан пайда болып жатқан салаларды дамытуға бағытталады.
Ресми деректерге сәйкес, биыл қаңтардан қарашаға дейін еліміздің ірі жоғары технологиялық өндіріс және жабдық өндіруші кәсіпорындарының қосылған құны өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда сәйкесінше 9,2% және 9,3%-ға өсті.
people.cn © People's Daily Online



