- Барлық ақпарат
Чэнду мен Алматы арасында тікелей рейс ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 желтоқсан

31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 желтоқсан күні Air China Чэнду мен Қазақстанның Алматы қаласы арасындағы тікелей халықаралық бағытын ресми түрде іске қосты. Сол күні Алматы халықаралық әуежайында алғашқы ұшу рәсімі өтті.

Жаңадан ашылған CA455/6 рейс нөмірлі бағыт Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайы мен Алматы халықаралық әуежайы арасында әр сейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады. Бағыт ашылғаннан кейін Чэндудан Алматы халықаралық әуежайына дейінгі жол небәрі 3,5 сағат болады. Бұл транзиттік уақытпен салыстырғанда кемінде 7 сағат үнемдейді.



(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



