Қала сыры|Болашақтың қаласы Сюнъань

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 желтоқсан

31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сюнъань жаңа аумағына қош келдіңіздер. Бұл—қарқынды дамып келе жатқан «болашақтың қаласы».

«Аппақ даладан» тамыр тартып, өркендеп, Сюнъань жаңа аумағы технология арқылы қаланың тамырына қан жүгіртіп, келбетін қайта сомдады. Мұнда «қала миы» және цифрлық егіз технология қаланың нейрондық желісін құрып, қаз-қатар ғимараттар мен виртуалды модельдердің тең дамуына мүмкіндік береді. «Ақылды көлік» пен «парасатты жол» бірігіп жұмыс істеп, қозғалысты тиімді етті.

Мұнда робот «әріптестер» сенімді серікке айналды. Энергетикалық туннель, интеллектуалды «робот иттер» адам еңбегімен алмасып, қауіпті аймақтарда шарлау жұмыстарын жүргізеді. Ақылды үй жүйесі тұрмысты бір батырма арқылы реттеуге мүмкіндік берді. Ал энергияны кешенді басқару қаланың тынымсыз жұмысын қамтамасыз етті.

Макро басқарудан бастап нәзік өмірге дейін технология Сюнъань «қан тамырларына қан жүргізді». Болашақ қаланың бейнесі бүгінде Сюнъань жаңа аймағында біртіндеп бой көтеріп келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото