- Барлық ақпарат
Ван И: Біз ешқашан ешбір ел халықаралық полиция ретінде әрекет ете алады деп есептемейміз

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И 2026 жылы 4 қаңтар күні Венесуэладағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, Қытайдың халықаралық қатынастарда күш қолдануға немесе күш қолданамын деп қорқытуға әрдайым қарсы екенін, сондай-ақ бір елдің өз еркін басқа елдерге таңуына қарсы екенін айтты.

Ван И бұл сөздерді сол күні Бейжіңде Пәкістанның вице премьер-министрі және сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дармен бірге Қытай-Пәкістан сыртқы істер министрлерінің стратегиялық диалогының жетінші кездесуіне тең төрағалық ету кезінде айтты.

Ван И қазіргі халықаралық жағдайдың барған сайын тұрақсыз және күрделі болып бара жатқанын, біржақты зорлық-зомбылық күшейіп келе жатқанын атап өтті. Венесуэладағы жағдайдың кенеттен өзгеруі халықаралық қауымдастықтың назарын аударды.

Қытай Сыртқы істер министрі «Біз ешқашан ешбір ел халықаралық полиция ретінде әрекет ете алады деп есептемейміз, сондай-ақ қандай да бір елдің өзін халықаралық сот төрешісі ретінде санауымен келіспейміз. Барлық елдің егемендігі мен қауіпсіздігі халықаралық құқық арқылы толық қорғалуы тиіс», - деп атап өтті.

Фото:Қытай Сыртқы істер министрлігі
people.cn © People's Daily Online



