- Барлық ақпарат
Қытай ұлттық теміржол қозғалысы 165000 шақырымға жетті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 қаңтар

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ұлттық теміржол корпорациясының статистикасы көрсеткендей, «14-інші Бесжылдықта» (2021-2025 жылдар аралығында) ұлттық теміржолдың жалпы жүрісі 146 300 шақырымнан 165 000 шақырымға дейін артып, 12,8%-ға өсті. Ал жүрдек теміржол 37 900 шақырымнан 50 400 шақырымға дейін артып, 32,98% - ға ұлғайды. Қытай әлемдегі ең ірі, озық және дамыған жүрдек теміржол желісін іске қосты.
Тілшінің 4 желтоқсанда Қытайдың ұлттық теміржол корпорациясының жұмыс кездесуінен алған ақпаратына сәйкес, жоспар бойынша 2030 жылға қарай ұлттық теміржол қозғалысы шамамен 180 000 шақырымға жетіп, оның 60 000 шақырымы жүрдек теміржолға тиесілі болмақ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



