2025 жылы Қытай-Моңғұлия шекарасындағы Тайкешкен портынан кіріп-шығатын үшінші ел азаматтарының саны 64%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 қаңтар

7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң кіру-шығу шекара бекеті Тайкешкен иммиграциялық тексеру бекетінің статистикасына сәйкес, 2025 жылы Қытай-Моңғұлия шекарасындағы Тайкешкен портынан кіріп-шығатындардың саны артып, жыл бойы 163 000-нан астам адам өткен.

Жалпы жолаушылар ағынының ішінде үшінші ел азаматтарының саны артып, жыл бойы 2700-ден астам адам өткен. Бұл өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 64%-ға жоғары. Жолаушылар Ресей, Қазақстан, Германия және Данияны қоса алғанда 43 ел мен аймақтан келген. Олардың саяхаттау мақсаттары негізінен көрікті жерлерді аралау болды. Сонымен қатар туысшылайтындар, іскерлік кездесулер үшін және шекаралық жұмыстармен келетіндер де бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото