Орта Шығысқа экспортталған өте үлкен ұзартылған иінді экскаватор Чаншада жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 қаңтар

7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың 6 қаңтар күні Чаншадағы Шаньхэ индустриалды паркінде Орта Шығысқа экспортталған SWE1650FLR ұзартылған иінді экскаваторын тапсыру рәсімі өтті. Бұл жолы Орта Шығысқа экспортталған SWE1650FLR экскаваторының 10,8 метрлік ұзартылған иіні мен 7,7 метрлік күшейтілген шелек штангасын біріктіріп жобалаудың арқасында оның максималды қазу биіктігі 17,2 метр, максималды қазу тереңдігі 13,3 метр және максималды қазу қашықтығы 20,5 метрге жетті. Бұл Қытайдағы өз санатындағы мойыны ең ұзын аса үлкен экскаватор автомобиль жолдары мен теміржол беткейлері сияқты қиын жұмыс жағдайларына жарамды. Сонымен қатар оны порттарда, айлақтарда және үлкен материал қоймаларында қолдануға болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото