2025 жылы Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасының жүк тасымалдау қуаты 75 000 TEU-дан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қаңтар

8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Нанкин кеденінен алған мәліметіне сәйкес, 2025 жылы Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасынан жалпы 915 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы қатынаған, олар 75 000 TEU-дан астам жүк тасыды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% өсіп, рекордтық көрсеткіш орнатты.

2025 жылдан бастап база Қазақстаннан бидайды транзиттік тасымалдаудың контейнерлерді ауыстырмай, ашпай, бірден жеткізетін режимін қолдана отырып, алғашқы фотоэлектрлік арнайы пойызды іске қосты. Сонымен бірге цифрлық платформа ашып, Азия мен Еуропаның 16 еліндегі пойыздардың қай жерге барғанын көріп отыру қолжетімді болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото