Нинбо-Чжоушань порты әлемдегі жылдық жүк тасымалдау көлемі 1,4 миллиард тоннадан асқан алғашқы порт атанды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қаңтар

8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 5 қаңтарда Нинбо-Чжоушань портынан алған мәліметіне сәйкес, порттың жүк тасымалдау көлемі 2025 жылы 1,4 миллиард тоннадан асып, 17 жыл қатарынан әлемде көш бастады. Сонымен қатар Нинбо-Чжоушань 1,4 миллиард тоннадан астам жүк тасымалдаған әлемдегі алғашқы порт болды.

XXI ғасырдағы Теңіз Жібек жолының маңызды торабы ретінде Нинбо-Чжоушань порты өзінің кеме қатынасы бағыттарын оңтайландырып келеді. 2025 жылдың соңына дейін Нинбо-Чжоушань портында әлемнің 200-ден астам елі мен аймағындағы 700-ден астам портты байланыстыратын 309 контейнерлік тасымалдау бағыты ашылды. Сонымен қатар, Нинбо-Чжоушань порты ел ішіндегі 16 өлкедегі (автономиялық региондар мен төте қарасты қалалар) 69 жергілікті қаланы қамтитын 110-нан астам теңіз-теміржол интермодальды көлік бағыттарын іске қосты. 2025 жылға қарай теңіз-теміржол интермодальды көлік көлемі 2 миллион TEU-ден асып, ел ішіндегі қызмет желісін де көбейтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото