2025 жылы Қытайдың анимациялық фильмдерінің кассасы 25 миллиард юаньнан асып, нарықтың шамамен 50%-ын құрады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қаңтар

8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылы отандық анимациялық фильмдер таңқаларлық жетістіктерге жетті: жыл бойына фильмдер кассасының алғашқы ондығына анимациялық фильмдер 4 орынды иеленді, оның 3-і отандық анимациялық фильм болды; анимациялық фильмдердің кассасы 25 миллиард юаньнан асты, бұл жалпы нарықтың шамамен 50%-ын құрады.

Жыл бойына ұлттық кинокассаның жалпы кірісі 51,832 миллиард юань болды. «Нэчжа 2» фильмінің күшті серпінімен анимациялық фильмдердің кассасы 25 миллиард юаньнан асты, бұл жалпы нарықтың шамамен 50%-ын құрайды. Жыл бойына кассалардың алғашқы ондығына енген анимациялық фильмдер 4 орынға ие болды, атап айтқанда «Нэчжа 2», «Аңдар қаласы 2», «Nobody», «Boonie Bears:Future Reborn», мұның үшеуі отандық анимациялық фильм.

Деректер мынаны көрсетеді: 2011 жылдан 2018 жылға дейін анимациялық фильмдер Қытайдың жылдық кассасының шамамен 10% құрады; 2019 жылдан 2024 жылға дейін бұл үлес шамамен 14% болды; ал 2025 жылы аталған үлес 50% - ға жақындады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото