LQ-150 ұшқышсыз ұшағы алғашқы рейсін сәтті орындады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қаңтар

8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытайдың қару-жарақ өнеркәсібі тобы компаниясынан алған ақпаратына сәйкес, 7 қаңтарда Қытайдың Қару-жарақ өнеркәсібі тобына қарасты Aisheng Group дербес әзірлеген 200 келіге дейін жүк көтере алатын LQ-150 ұзақ қашықтыққа ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараты жақында өзінің алғашқы ұшуын сәтті аяқтады.

LQ тобының жаңа мүшесі ретінде LQ-150 жоғары өнімділік, төмен баға, қоршаған ортаға бейімделгіштік, миссия ауқымы кең сияқты артықшылықтарға ие. «Көп қуатты және көп мақсатты» болып жобаланған ол икемді түрде өзгерту арқылы жалпыға ортақ желілік базалық станциялар, байланыс релелік жабдықтары, фотоэлектрлік қондырғылар, SAR радарлары және т.б. сияқты әртүрлі жабдықтармен жабдықталып, геодезия, картаға түсіру, барлау, авариялық-құтқару жұмыстары және басқа сценарийлерде маңызды рөл атқара алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото