Шанхай портының контейнерді тасымалдау әлеуеті 16 жыл қатарынан әлемде көш бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қаңтар

9 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай халықаралық порт тобының (SIPG) 2026 жылғы 7 қаңтар күнгі есебіне сәйкес, Шанхай портының контейнерді өткізу қуаты 2025 жылы 55,06 миллион TEU-ден асып түсті. Бұл жаңа тарихи рекорд орнатып, 16 жыл қатарынан әлемдегі контейнерлік порттардың ішіндегі көш басшы орнын сақтап қалды.

Шанхай портының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын Яншань порты аймағы толығымен автоматтандырылған интеллектуалды пайдалану мен басқаруға қол жеткізді. Шанхай порты сонымен қатар отандық өндірістегі жасыл метанолды толық тізбекті жеткізу қызметін іске қосты. Дунхай көпірін, жинау мен тарату орталығын және Яншань портын байланыстыратын бүкіл жеткізу тізбегі толығымен жалғанды.

Мәліметтерге сәйкес, Яншань портының Теңіз департаменті барлық тасқын кезінде «үш айлақты» пайдалануды инновациялық түрде (үш кеме тобы екі-екіден бірігіп, бір уақытта тоқтап немесе қозғала алады) енгізді. Бұл әр кеменің орташа есеппен бір операция үшін шамамен екі сағаттық тасымалдау уақытын үнемдейді.

Қазіргі кезде Шанхай портын жаңарту жобалары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Ал болашақта порттың контейнерлік өткізу әлеуеті одан әрі кеңейтіліп, жетілдіріледі.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото