- Барлық ақпарат
Үш аяқты күшік полиция итіне айналды

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хэнань өлкесінің Сичуань қаласында үш аяқты Бадунь есімді күшіктің полиция итіне қалай айналғаны туралы оқиғасы қытайлық интернет қолданушыларын әсерлендірді.
Мәліметтерге сәйкес, арнайы полиция бөлімшесінде дүниеге келген Бадуньның сол жақ алдыңғы аяғы туада жетілмегендіктен икемді қозғала алмайтын. Күшікті тәрбиешілері амалсыздан жергілікті бір отбасына асырауға береді. Бадунь ширақ, тентек әрі қабаған болып есейіп, бағуға алған отбасы оны әрі қарай асырауға шамасы келмей, соңында арнайы полиция бөлімшесіне тапсырып береді.

Тәрбиешілердің айтуынша Бадунь полиция иті болуға тума таланты бар, жаттығуды жаны сүйетін, басқа полиция иттеріне қарағанда қиындықтарға төзімді болған. Соңында үш аяқты Бадунь өзінің қайсар мінезінің арқасында кішкене күшіктен полиция итіне айналады.
people.cn © People's Daily Online



