Шыңжаңның Алашанькоу теміржол портының жүк тасымал көлемі 2025 жылы шамамен 18 миллион тоннаға жетіп, жаңа рекорд орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қаңтар

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай теміржолы Үрімжі бюросының соңғы статистикасына сәйкес, 2025 жылы Шыңжаңдағы Алашанькоу теміржол портының жүк тасымал көлемі 17,86 миллион тоннаға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 7,8%-ға өсті. Сөйтіп, станцияның 35 жылдық тарихында жаңа рекорд орнатты.

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Алашанькоу теміржол порты арқылы 21 елге, 200-ден астам жүк түрін тасымалдайтын 128 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыз бағыты жұмыс істеп тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото