«Тяньма-1000» ұшқышсыз тасымал ұшағы алғашқы рейсін сәтті орындады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қаңтар

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай дербес әзірлеген «Тяньма-1000» ұшқышсыз тасымал ұшағы 11 қаңтарда алғашқы ұшу сынағын сәтті аяқтады.

«Тяньма-1000» логистика мен тасымалдауды, авариялық-құтқару жұмыстарын, материалдарды жеткізуді және басқа да функцияларды біріктіреді. Оның көтерілу биіктігі - 8000 метр, максималды ұшу қашықтығы - 1800 шақырым, максималды жүктемесі - 1 тонна.

«Тяньма 1000» тасымал ұшағы шалғай аудандарда материалды толықтыру, авариялық-құтқару жұмыстары және апаттық материалдарды тасымалдау сияқты тапсырмаларды орындау кезінде маңызды бұйымдарды, соның ішінде азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді және жабдықтарды көп уақытқа жететіндей етіп, бір уақытта тасымалдай алады. Әсіресе ерекше жағдайлары бар өңірлерге зат жеткізу үшін оңтайлы тасымалдау шешімін ұсынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото