Отандық басқарылатын AS700 дирижаблі өзінің алғашқы коммерциялық рейсін аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қаңтар

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Hubei Daily News-тің хабарлауынша, жақында отандық басқарылатын дирижабль Сянюнь AS700 Хубэй өлкесіндегі Цзиньмэньнен Уханьға қос бағытта ұшуды аяқтап, елдегі басқарылатын дирижабльдің алғашқы коммерциялық рейсін жүзеге асырды.

Сянюнь AS700 - елімізде ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес әзірленген және толығымен тәуелсіз зияткерлік меншік құқығына ие қысқа қашықтыққа/тік ұшып-қонуға арналған басқарылатын дирижабль. Дирижабльдің жалпы ұзындығы - 50 метр, ұшудың максималды жылдамдығы-сағатына 100 шақырым, максималды қашықтығы-700 шақырым. Ұшудың максималды уақыты-10 сағат, ұшу биіктігі 3000 метрге жетеді және 10 адамды тасымалдай алатын әлеуеті бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото