Қытайда алғаш рет ғарышкерлердің үңгірде жаттығуы сәтті аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қаңтар

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Елімізде алғаш рет өткізілген ғарышкерлердің үңгірдегі жаттығуы жуырда Чунцин қаласының Улун аумағында сәтті аяқталды. Бір айға жуық уақытқа созылған жаттығу барысында 28 ғарышкер қоршаған ортаны бақылау, үңгірлерді картаға түсіру, ғарыш пен жер арасындағы байланысты модельдеу және командалық психологиялық және мінез-құлықтық дайындық сияқты оннан астам тапсырманы аяқтады.

Мәліметтерге сәйкес, үңгір ортасы оқшау, жабық және жоғары қауіп сияқты ғарыштың экстремалды жағдайларымен ұқсатып әзірленген. Жаттығуға қатысқан ғарышкерлер төрт топқа бөлініп, орташа температурасы 8°C және ылғалдылығы 99%-ға дейін жететін табиғи үңгірде алты күн бес түн кезектесіп тұрды. Осы уақыт ішінде ғарышкерлердің әрбір тобы үңгірді зерттеу, ғылыми зерттеулер, материалдарды басқару және тұрмыстық қамтамасыздандыру сияқты алдын ала белгіленген тапсырмаларды орындаумен қатар, өте тар өткелдерден өту, жартастарға өрмелеу және төмен түсу, суық және ылғалды жағдайларға ұзақ уақыт бейімделу, алынбас қамалдарды бағындыру, қараңғылықтан қорқу мен сенсорлық айырылу сияқты көптеген қиындықты да еңсерді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото