2025 жылы Қазақстанда 49 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қаңтар

2025 жылы 49 тоннаға жуық есірткі тәркіленді, Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан мәлімдеді.

Спикер хабарлағандай, 2025 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен 4 мыңға жуық есірткі қылмысының, оның ішінде 2,7 мыңнан астам есірткі өткізу фактілерінің жолын кескен. Заңсыз айналымнан барлығы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото