Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын танкерлер шабуылға ұшырады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қаңтар

Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын екі кемеге шабуыл жасалғанын растады, деп хабарлайды Sputnik.

«Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі 2026 жылдың 13 қаңтарында Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциуымының теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кемеде тіркелген келеңсіз оқиғалар туралы ақпаратты ресми түрде растайды», - деп жазылған хабарламада.

Салдарынан өрт шығып, жедел сөндірілген. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Оперативтік штаб деректеріне сәйкес, оқиға кезінде кемеге мұнай тиеу жұмыстары жүргізілмеген, жүк цистерналары бос болғандықтан, Қазақстан Республикасының экспорттық ресурстарына зиян келтірілмеген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото