Қытай археологтары 3000 жыл бұрынғы «сафари паркін» тапты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қаңтар

14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 3000 жылдан астам бұрынғы Шан дәуіріндегі «сафари паркі» Хэнань өлкесінің Аньян қаласындағы Инь қирандыларының императорлық кесенесінен табылды. Зерттеу нәтижелері бұл қалдықтар Қытайдың осы уақытқа дейін қолда баққан жабайы жануарлардың ең байырғы тобы екенін көрсетті.

Қытай Әлеуметтік ғылымдар академиясы Археология институтының сарапшысы Ли Сяомэннің айтуынша, археологтар Инь қирандыларының императорлық кесенесі аймағындағы 19 шағын және орта шұңқырларды тазартты. Оның ішінде 13 шұңқырдан барлығы 29 қола қоңырау табылған. Аршылып алынған қалдықтар ішінде су сиыр, бұғы, елік, қасқыр, жолбарыс, барыс, түлкі, сиырбөкен, қабан, кірпі сияқты жабайы жануарлар мен аққу, тырна, қаз, сұңқар, бүркіттің қаңқалары бар.

«Кейбір жабайы жануарлардың мойнында мыс қоңыраулар ілінген. Бұл олардың аң аулау кезіндегі олжасы емес, Шан патшасы сияқты жоғары деңгейдегі дворяндардың бақтарында арнайы өсірілген сирек кездесетін құстар мен аңдар болуы керек».

«Жабайы жануарлардың бұлайша тобымен табылуы Шан патшалығы жабайы жануарларды ұстау, өсіру және бағудың тамаша жүйесін қалыптастыруы мүмкін екенін көрсетеді»,- деді Қытай Әлеуметтік ғылымдар академиясының Археология институтының ғылыми қызметкері Ню Шишань.

Сонымен қатар, ғалым мынадай деректі де жеткізді: «Жануарларды құрбандыққа шалатын шұңқырлар Шан дәуірінің тасаттық берудегі айбынды көрінісі мен күрделі әрекетін көрсетіп қана қоймайды. Сонымен қатар Шан дәуірінің құрбандық шалу жүйесінің бай коннотациясын ашады. Сондай-ақ Шан дәуірінің наным-сенімі мен салт-дәстүрлерін зерттеудің негізгі дәлелдерін де ұсынады».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото