- Барлық ақпарат
Қытай ақ самайлылар экономикасының дамуына ықпал ету шараларын шығарды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қаңтар

14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың азаматтық істер министрлігі және басқа сегіз департамент бірлесіп, «ақ самайлылар» экономикасының дамуына ықпал ету туралы құжат шығарды. Онда бренд құруды ілгерілету және сұраныс пен ұсынысты біріктіру платформасын құру сияқты шаралар арқылы қарттарға күтім жасау субъектілерін ынталандырып, инвестициялар мен кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасауды талап етті.
Еліміздің ақ самайлылар экономикасының даму әлеуеті өте жоғары. 2024 жылдың аяғында елдің 60 жастан асқан қарт халқы 310 миллион адамға жетті. 2035 жылға қарай бұл топтың саны 400 миллион адамнан асады, ал ақ самайлылар экономиканың ауқымы 30 триллион юаньнан асады деп күтіліп отыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



