- Барлық ақпарат
20 күнде 4 миллиард юань! Кедендік операциядан кейін Хайнаньда күн сайын орта есеппен 24000 адам бажсыз сауда жасауда
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қаңтар

14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қаңтарда Бас кеден басқармасы жариялаған деректерге сәйкес, Хайнань Еркін сауда порты 2025 жылдың 18 желтоқсанында кедендік операция шарасын атқарғаннан бері, 2026 жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша, аралда бажсыз зат сатып алушылардың саны 585 000-ға жеткен. Жалпы сома 3,89 миллиард юаньды құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 32,4% және 49,6%-ға өсті. Демек Хайнаньда бажсыз сауда жасайтындар саны күніне орташа есеппен 24 000 адамға тең. Ал орташа тәуліктік жалпы сатып алу көлемі 160 миллион юань. Бұл кедендік операциядан бұрынғы жағдайдан әлдеқайда жоғары.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



