- Барлық ақпарат
Әлемдегі ең үлкен диаметрлі шахта туннелін бұрғылайтын «Цимин» машинасы іске қосылды

14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылы 13 қаңтар күні Цзянсу өлкесінің Тайцан қаласында еліміз тәуелсіз әзірлеген әлемдегі ең үлкен диаметрлі шахта туннелін бұрғылау машинасы «Цимин» жұмысқа кірісіп, Чунтай(Чунмин-Тайцан)Янцзы өзені туннелінің №2 шахтасы құрылысын бастады.

«Цимин» бұрғылау машинасының диаметрі 24 метр, ал қазу тереңдігі 56,08 метр. Қазу кезінде оны тік қалқан машинасы деп санауға болады. Янцзы өзенінің оңтүстік жағалауынан 200 метр қашықтықтағы құрылыс алаңында №2 шахтаны аяқтау үшін тігінен 50 метрден астам қазып кіреді. Бұл жердегі геологиялық орта күрделі, бұл құрылыс кезінде өте қауіпті.

«Цимин» туннель бұрғылау машинасы бірнеше инновациялық технологияларды біріктіріп, ультра терең шахта құрылысын дәстүрлі қазба жұмыстарынан ақылды құрылысқа көшіруге ықпал етті.

Чунтай Янцзы өзенінің туннелі Шанхайдың Чунмин аумағы мен Цзянсу өлкесінің Тайцан қаласын жалғап жатыр. Қазіргі уақытта ол ең жоғары стандартпен қазылып жатқан, қазу қашықтығы ең ұзын, ауқымы ең үлкен өзеннен өтетін жоғары жылдамдықты теміржол туннелі саналады. Туннельдің ұзындығы 14,25 шақырым, жоспарланған жылдамдығы сағатына 350 шақырым. Ол 2029 жылдың екінші жартысында көлік қозғалысына дайын болады деп күтіліп отыр.
Фото:құрылыс салушы тарап
people.cn © People's Daily Online



