- Барлық ақпарат
Чунциннің Ушань ауданында 240 метрден астам тік эскалатор салынды

15 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылы 14 қаңтар күні әуеден түсірілген фотосуреттер Чунциннің Ушань ауданындағы Шэньнюй эскалаторының аяқталуына аз қалғанын көрсетті. Чунцин қаласы Ушань ауданына орналасқан Шэньнюй(періште)эскалаторы жобасы Шэньнюй даңғылы бойында қала осіне сүйеніп салынған.

Эскалатордың жалпы ұзындығы шамамен 905 метр. Ол Чунциннің тәж эскалаторынан асып түсіп, көп деңгейлі эскалаторларды пайдаланып, қаланың өрі мен ылдиын жақындататын маңызды қатынас жолына айналады. Оның жалпы көтергіш биіктігі 240 метрден асады, бұл 80 қабатты ғимаратқа тең. Жобаға 21 эскалатор, 8 лифт (аспалы көпірлердегі қолжетімді лифттерді қоса алғанда), 4 жылжымалы жаяу жүргіншілер жолы, 2 жаяу жүргіншілер көпірі және 2 жол өткелі кіреді. Құрылыс аяқталғаннан кейін Шэньнюй даңғылының басы мен бөктерінің арасындағы жол жүру уақыты бұрынғы мөлшермен 1 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады, бұл қала тұрғындары мен туристердің саяхатын қолайлы етеді.







people.cn © People's Daily Online



