- Барлық ақпарат
2025 жылы Қазақстанда су үнемдеу технологиялары арқылы 874 млн текше метр су үнемделді
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қаңтар

Фото: KAZINFORM
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізгенде 2025 жылғы су үнемдеу туралы айтты, деп хабарлайды KAZINFORM.
«2025 жылдың қорытындысы бойынша министрлік суармалы егіншілікте су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 874 млн текше метр су үнемдеді. Бұл жоспарланған 728 млн текше метрден жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар суды тасымалдау кезіндегі шығындарды 50%-дан 25%-ға дейін азайту мақсатында 678 шақырым канал қайта жаңғыртылды. Бұл жұмыс жоспарға толық сәйкес атқарылды»,- делінген хабарламада.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



