Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы Бейжіңде таныстырылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қаңтар

2026 жылғы 10 қаңтар күні «Qazaq-Oner Ұлттық қауымдастығы» Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің және Қазақстанның Бейжіңдегі мәдениет орталығының қолдауымен материалдық емес мәдени мұраны сақтау, насихаттау және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту мәселелеріне арналған халықаралық семинар ұйымдастырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі жазды.

Қазақ тарапынан семинарға «Qazaq-Oner Ұлттық қауымдастығының» президенті, Қазақстандағы «IOV World» өкілі Айгүл Жансерікова, ҚР Халық әртісі Айгүл Құсанова, өнер және мәдениет қайраткерлері, дәстүрлі музыка және сәндік-қолданбалы өнер саласындағы мамандар қатысты.

Семинар барысында қазақ халқының музыкалық мұрасына, орындаушылық өнердің дәстүрлі түрлеріне, сондай-ақ мәдени дәстүрлерді сақтау мен тапсырудың заманауи тәсілдеріне арналған баяндамалар мен презентациялар ұсынылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото